Ұлыбританияда деменцияға душар болғандар көбейіп барады
Ұлыбританияда 2040 жылға таман деменцияға шалдыққандар шамамен 2 есе артады.
Сонда ақыл-есінен адасқандар саны 1 млн 700 мың адамға жетуі мүмкін деген күдік бар. Лондон университеттік колледжі ғалымдарының жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Бұған семіздік, қант диабеті мен салауатты өмір салтын ұстанбау себеп. Оның үстіне адамның әлеуметтік жағдайы да әсер етеді, - дейді ғалымдар. Мұның бәрі денсаулық сақтау саласына салмақ түсіреді. Қазір корольдік дертті зерттеуге 160 миллион стерлинг фунтын бөледі.
Айта кеткен жөн, бүгінде әлемде деменцияға 55 миллионан аса адамның шалдыққаны белгілі.
Юнтао Чен, эпидемиолог:
- Деменция мәселесі әлі көп зерттеуді қажет етеді. Бізге оған себеп болатын 12 фактор белгілі. Бұл дертке шалдығу оқиғаларының 40%-іне ғана қатысты. Қалған 60%-інің нақты себептері әлі күнге дейін беймәлім.