АҚШ-та 18 адамға оқ атқан күдікті табылды
АҚШ-тың Мэн штатында 18 адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам 3 күннен кейін өлі күйде табылды.
Бұл туралы жергілікті полиция хабарлайды. 40 жастағы Роберт Кардтың денесі қоқыс өңдеу орталығының жанынан анықталды. «Associated Press» дереккөзінің хабарлауынша, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Күдікті бұл туралы қалдырған хатында айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні кешке күдікті Льюистон қаласының 3 ауданында автоматпен оқ жаудырып, 18 адамды өлтірген. Тағы 13 тұрғын жараланды.