Мексика тұрғындары дауылдан кейін азық-түліксіз отыр
Мексика тұрғындарына азық-түлік жетіспей жатыр.
Алапат дауылдан кейін елдің бірнеше қаласында байланыс үзілген. Көліктердің көбі су астында қалды. Осындай төтенше жағдайда су мен тамақтың тапшылыққа айналуы тұрғындарды қатты қажытып жіберді. Еске салайық, 25 қазан күні дүлей дауыл соғып, 27 адам опат болған еді. Тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Ірі қалаларда жолдар жабылып, жарық өшті. Дауыл соңы тасқынға ұласып, Акапулько курорттық мекені түгел қираған. Мамандардың есептеуінше, бұл аймаққа миллиардтаған доллар шығын келді.
Нельва Олея, жергілікті тұрғын:
- Бір жұтым суға зар болып қалдық. Жейтін тамағымыз да жоқ. Бәріміздің мақсатымыз осы жағдайдан аман шығу.