Оңтүстік Корея халқы көңіл айтып жатыр

Оңтүстік Корея жұртшылығы да Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтып жатыр.

Сеулдегі еліміздің дипломатиялық өкілдігінде мемлекеттік ту түсірілді. Демалыс күніне қарамастан жергілікті тұрғындар, қазақ диаспорасы және өзге мемлекттердің дипломаттары елшілікке келді. Олар арнайы көңіл айту кітабына жазба қалдырып жатыр.