Газа секторында азық-түлік қоймалары тоналды
Қарулы қақтығыс жайлаған Газа секторында тонаушылық белең ала бастады.
Хан-Юнис қаласында тұрғындар БҰҰ-ның Палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің қоймасына лап қойып, ондағы азық-түлікті талан-таражға салды. Бұған Израиль әскерінің ХАМАС қозғалысына қарсы операциясы себеп. Әскери қимылдардан өңірде ахуал нашарлаған. Оның үстіне қарулы қақтығыс басталғаннан бері халықаралық агенттік 50 қызметкерінен айырылып, бейбіт халыққа гуманиатрлық көмек көрсетуі шектелген.