Үндістанда пойыз апатынан он адам қаза тапты

Үндістанда жолаушылар пойызы қақтығысып, 10 адам опат болды.

Тағы 25 тұрғын әр түрлі жарақатпен ауруханаға жедел жеткізілді. Оқиға Андхра-Прадеш штатында болды. Теміржол апатына вагондардың рельстен шығып кетуі себеп. Алдын ала тергеу бойынша, пойыз жүргізушісі "дабыл" шыққанын байқамай алған. Айта кетерлігі, Үндістан теміржолдары - әлемдегі төртінші ірі теміржол желісі саналады.