Урсула фон дер Ляйен Балқанға аттанды
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс Балқан аймағына сапарға аттанды.
Саясаткер алдымен Солтүстік Македонияға барды. Онда ел Президентімен екі жақты сауда қатынасы мен экономикалық байланысын талқылады. Кейін төраға Косово, Черногория, Сербия және Босния мен Герцеговинаға бас сұқпақ. Іс-сапар барысында жоғарыда аталған елдердің ұйымға кіру ниетін растап, Еуроаймақтың экономикалық даму жоспарын бекітуді көздеп отыр. Бастама онжылдық аяқталғанша батыс Балқан елдерінде жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынын екі есе арттыруды мақсат етеді.