Мексикада дауылдан қаза тапқандар саны артты
Мексиканың Акапулько қаласында өткен сейсенбідегі "Отис" дауылынан қаза тапқандар саны 39-ға жетті.
Тағы он шақты тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір шаһарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 8 мыңнан аса әскери жұмылдырылды. Жалпы дүлей жел сағатына 226 шақырым жылдамдықпен соғып, қаланың астан-кестенін шығарған. 200 мыңдай үй мен ғимарат қирап бүлінді. Табиғат апатынан келген шығын көлемі 15 миллиард доллардан асады.
Джон, қонақүй қожайыны:
- Бұл дауыл киноларда көрсететін ақырзаман орнағандай әсер қалдырды. Қаладағы 90 пайыз үй мен ғимарат зиян шекті. Көптеген қонақ үй мен нысанның шатырынан түк жоқ. Бұл апаттың соңы, бас аман болса қираған дүниелер орнына келер деген үміттемін.