Корея Хэллоуин құрбандарын еске алды
Сеулде тұрғындар Хэллоуин құрбандарын еске алды.
Орталық алаңға жиылған көпшілік қала көшелерін гүлге орап, қабырғаға қаза тапқандарға арнайы хабарлама қалдырды. Еске салайын, тура бір жыл бұрын қаладағы Хэллоуин кешінде 200-ге жуық кісі жараланып, 150-ден астам адам опат болған еді. Полицияның тергеу нәтижелері бойынша бұл қақтығысқа жергілікті шенеуніктер кінәлі деп танылды. Өйткені шараның ұйымдастырылған жері талапқа сай болмаған. Небәрі 40 метрден аспайтын шағын алаңда өткен. Оқиғадан кейін 23 адам жауапқа тартылды.