АҚШ-та Хэллоуин кешінде бір адам оққа ұшты

АҚШ-та тағы атыс тіркелді.

Хэллоуин кешінде үй ішінде оқ атылып, 1 адам өз жұмды. Тағы 9 кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Зардап шеккендердің барлығы – 16 мен 22 жас аралығындағы жеткіншектер. Қазір олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Полицияның айтуынша, оқиға орнында бірнеше автоматты қару анықталған. Қазір қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.