Бейжіңді тұман басты
Қытай астанасы Пекинді тұман басты.
Бұл туралы жергілікті төтенше жағдай қызметі мәлімдеді. Қазір мұнда ауа ластануының ең жоғары қызғылт-сары деңгейі жарияланды. Табиғи құбылыс 2 қарашаға дейін жалғасады. Әсіресе Аньхой, Цзянсу, Сачуань провинцияларында ауа сапасы тым төмендейді. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамыз дейді мамандар.