Газа ауруханасында дәрі-дәрмек жетіспейді
Газадағы ең ірі ауруханада жағдай қиын.
Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсету мүмкін болмай барады дейді олар. Себебі дәрі-дәрмек жетіспейді. Екіншіден, Израиль тарапы аурухана орналасқан ауданда ХАМАС әскері жасырынып отыр деген күдікпен бұл маңды атқылауын тоқтатар емес. Израиль әскерінің мәлімдемесі бойынша кейінгі бірнеше күнде 600-ден астам нысанға соққы берілген. Және бұл іс ары қарай да жалғаса бермек.