Ямайкада 5,4 балдық жер сілкінісі болды
Ямайканың шығысында қуаты 5,4 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзала ошағы 15 мыңдай адам тұратын Порт-Антонио қаласынан 12 шақырымдай жерде тіркелді. Табиғат апатынан жапа шеккендер жайлы ақпар жоқ. Бірақ тұрғындар ғимараттар шайқалып, дүмпудің қатты сезілгенін айтады.
Ямайкада жер сілкінісі өте сирек тіркеледі. 1907 жылы осы елдің астанасы Кингстон қаласында 6,2 балдық зілзала болып, 1400 адам көз жұмған.