Кенияда қара мүйізтұмсықтар жойылып кетуі мүмкін

Өйткені браконьерлер тарапынан бұл жануарға шабуыл толастамай тұр.

Оның мүйізі тым қымбат, нарықта келісі шамамен 60 мың долларға бағаланады, - дейді мамандар. Кенияның Ол-Пеета қорығында Қызыл кітапқа енген мүйізтұмсықтың 90-ға жуық түрі кездеседі. Мамандар аңшылар тарапынан шабуылды азайту үшін тиісті шаралар қабылдап, жүзеге асыруды құптап отыр.

Сэмюэл Мутисья, қорықтың бөлім басшысы:

- Қара мүйізтұмсықты браконьерлерден қорғаудың тиімді әдісі – қауіпсіз тіршілік ету ортасын қалыптастыру. Елдегі мүйізтұмсық қорықтары жеткіліксіз, олардың популяциясын кеңейтуге кері әсер етеді. Сондықтан мәселе шешімін табу үшін қорық санын көбейтіп, оны қауіпсіз аймаққа айналдыруымыз керек.