Таяу Шығыста зымыранмен атқылау құрбандарының саны 9800-ге жетті
Таяу Шығыста Израиль әскерінің соққысы мен ХАМАС ұйымының зымырандық шабуылдарынан құрбан болғандар саны 9800-ге жетті.
Ресми дерекке сүйенсек, Газа секторындағы атыс-жарылыстан 8300 палестиналық көз жұмды. Оның 3457-сі кәмелетке толмаған жеткіншектер. Ал Израиль билігі ХАМАС шабуылынан кейін 1400-ден астам адамның қаза тапқанын мәлімдеді. "ХАМАС" 240-тай адамды тұтқынға түсірген. Оның ішінде әйелдер мен балалар бар.