Tesla компаниясы сотта жеңіп шықты
Тесла компаниясы автопилоттың кесірінен болған апат туралы бірінші сотта жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылы тесла көлігін мінген 3 жолаушының бірі жол апатынан көз жұмды. Көлік ағашқа соғылып, өртеніп кеткен. Кейін аман қалған 2 жолаушы компаниядан 400 миллион доллар өтемақы төлеуді талап еткен. Олар көлік апатының орын алуына автопилот режиміндегі ақау себеп болған дейді. Сот болса Илон Маск компаниясын жақтап отыр. Алайда автопилоттағы ақаудан өткен жылдан бастап 17 адамның өлімі тіркелді деген дәлелді дерек бар. Енді іс тағы Калифорния мен Флорида соттарында қаралатын болады.