Пәкістан заңсыз мигранттарды депортациялап жатыр
Пәкістан билігі заңсыз жүрген мигранттарды отанына күштеп қайтара бастады.
Көнбегендерін полиция ұстап қамауға мәжбүр. Олардың кейбірі тіпті баспана салып, орнығып алған. Үкімет ол үйлерді сүріп жатыр. Осы себепті Ауғанстанмен шекараға қарай босқан халық саны көбейді Себебі Пәкістанда құжатсыз жүргендердің көбі ауғандар. Сарапшылар заңсыз мигранттарды қууды екі ел арасындағы қатынастың шиеленісуімен байланыстырады.
БЛИЦ:
- Пәкістан билігі берген жеке куәлігім бар. Бірақ полиция оны жарамсыз деп үйімді бұзып тастады. Сондықтан Кабулға қайтудан басқа амалым қалмады.
- Мен осы жерде туып-өскем. Ауғанстанда ешқашан болған емеспін. Әке-шешіміз мұнда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскері кірген кезде көшіп келген. Бірақ жергілікті үкімет бұған көңіл аударып жатқан жоқ.
Ал соңғы дерекке сүйенсек, Пәкістанда 4 жарым миллиондай ауған бар. Осы себепті БҰҰ ресми Исламабадты бұл шешімді қайта қарауға шақырып отыр. Себебі оларды депортациялау көп жыл бойы қарулы қақтығыстан көз ашпай экономикасы күйреп, дағдарысқа ұшыраған мемлекет үшін ауыр тиеді дейді.