Газа секторында тұрғындар теңіз суын тұтынуға мәжбүр

Газа секторында су тапшы.

Тұрғындар тұрмыс қажеттілігін өтеу үшін ащы теңіз суын тұтынуға мәжбүр. Өйткені ақшаның өзіне ауыз су табу қазір мұңға айналған. Бұдан бөлек, азық-түлік, жанармай, дәрі-дәрмек те жетіспей жатыр. Сектордағы 35 аурухананың 30 пайызы жұмысын тоқтатқан. Олар уақытша босқындар лагеріне айналды. Газа денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 7 қазанда басталған қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 9 мыңнан асқан. Жалпы Газа секторында бар болғаны 2 млн 300 адам тұрады. Израиль тағы 240 палестиналықты кепілге алған.