Бангкокты тағы түтін басты
Таиланд астанасы Бангкокты тағы да түтін басты.
Метеорологтар мұны құрғақшылықпен және егістіктерде ауылшаруашылық қалдықтарын өртеумен байланыстырады. Мамандар тыныс алу дерті бар адамдарға қиын болады деп әлден ескертіп жатыр.
Әдетте Бангкокта ауа сапасы желтоқсан мен сәуір аралығында нашарлайтын. Биылғы қуаңшылық ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне көліктер мен зауыт-кәсіпорындардан таралатын улы газдың көлемі артқан.