Сиднейде Газадағы қақтығысқа қарсы наразылық шеруі өтті
Сиднейде жүздеген адам шеруге шықты.
Олар Газа секторындағы қарулы қақтығысқа қарсы бас көтеріп, халықаралық қауымдастық ешқандай батыл шара қолданбай отыр деп айыптады. Жиналғандар аймақта тез арада оқ атпау режимін енгізу қажет деген талап қойған. Сарапшылар «Қазір Газадағы жағдай шынымен өте ауыр» дейді. Әсіресе бірінші кезекте қажет ауызсу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жетіспей жатқан көрінеді. Жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәліметінше, қарулы қақтығыстан қаза тапқандар саны 9250-ден асқан.