Индонезия Газа халқына гуманитарлық көмек жіберді
Әлем елдері Газа секторындағы қақтығыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберуді жалғастырып жатыр.
Индонезия 3 ұшақпен 55 жарым тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек жіберді. Бұл істі ел президенті Джоко Видодо өз бақылауына алған. Гуманитарлық көмек алдымен Мысыр әуежайына жеткізілмек. Әрі қарай жүк көліктерімен Газа халқына жөнелтіледі. Кейін Индонезия тағы осынша көлемде көмек бермек.
Джоко Видодо, Индонезия президенті:
- Индонезия тұрғындары гуманитарлық көмек жіберу арқылы Палестина халқына деген қамқорлығын жеткізеді. Өйткені олар өте ауыр қасіретке тап болды. Мына қақтығысты тезірек тоқтату керек.