Мәскеуде атом энергиясына арналған музей ашылды
Мұнда Семей ядролық полигонының тарихы мен Қазақстан аумағындағы сынақтар туралы ақпарат та берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол жерден атом бомбасының жарылысына қатысты құпия болып келген кадрларды көруге болады. 7 қабатты кешеннің 3 қабаты жер астында орналасқан. Онда ядролық қару технологиясының қасіретті тарихы баяндалады. Ал қалған бөлігі бейбіт атомды дамыту жетістіктеріне арналған Сондай-ақ экспозицияда су тапшылығы, жаһандық жылыну және аштықпен күрес бойынша көптеген мәліметтер ұсынылады.
Андрей Черемисинов, ғалым:
- Осыдан 1 ғасыр бұрын жер бетінде 2 миллиардтай ғана адам болды. Ал қазір одан 4 есе көп. Осыншама көп адамға жаңа энергия көзі керек. Екіншіден, көмірқышқыл газы бізді улауы мүмкін. Сондықтан атом энергиясы ауадай қажет деп ойлаймын. Әсіресе ол келешегіміз үшін керек. Бірақ халықтың пікірімен де санасқан жөн. Бұл павильон атом энергиясының қауіпсіз әрі болашағының зор екендігіне сендіру мақсатында құрылды.