Непалда зілзаладан 150 адам қаза болды

Соңғы деректерге сәйкес Непалдағы зілзаладан 150 адам ажал құшты.

Тағы 100-ге жуығы жараланған. Зардап шеккендердің қатары әлі де артуы мүмкін. Өйткені кейбір елді мекенмен байланыс үзілген. Құтқарушылар жете алмай жатыр. Зілзала ошағы ел астанасы Катмандудан 500 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпулері Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілді.