Израиль мен Ливанның арақатынасы ушығып кетті

Қос ел шекарасында оқ атылып, жарылыс болды.

Мұнсыз да мәз емес Газа секторы үшін бұл ахуалды күрделендіре түсті. Мұнда жанармай жетіспеушілігінен су тапшылығы қатты сезіліп жатыр. 1 жарым миллионға жуық тұрғын амалсыз қоныс аударуға мәжбүр. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, 700 мың халық ұйым қолға алған уақытша баспаналарды паналап жүр. Бірақ онда ине шаншар жер жоқ, адамға лық толы. Мұнан бөлек тұрғындарға азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Халықтың қайғысын жеңілдетудің негізгі жолы – жанармаймен қамтамасыз ету, дейді ұйым сарапшылары. Өйткені қақтығыс басталғалы мұнда табиғи отын мүлдем жеткізілмеген. Салдарынан Газаның оңтүстігіндегі су ұңғымаларының жұмысы тоқтап қалды.