Италияда су тасқынынан кейін жұрт сыртқа шыға алмай қалды
Италияда тасқыннан кейінгі құтқару жұмыстары жалғасуда.
Зардап шеккен аудандарда үйінен өз бетінше шыға алмай жатқан тұрғындарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Ал өзге аймақтар табиғи апатқа дайындықты күшейткен. Қазір Тоскана қаласында жолдар жабылып, автокөліктер су астында қалған. Ауруханалар мен үйлерді су шайып, көшеде жүру мүмкін болмай тұр. Еске салайын, күні кеше Италияның батысына "Киаран" дауылы соғып, соңы тасқынға ұласқан еді. Салдарынан 6 адам қаза болды. Еуропа елдерінде де ойран салған дүлей дауыл 16 адамның өмірін жалмады. Жергілікті билік дауылдың Оңтүстік Италияға да соғатынын ескертті.