Р. Ердоған: Израильді халықаралық қылмыстық сотқа беруді қолдаймыз

Түркия әскери шабуыл ұйымдастырған Израильді халықаралық қылмыстық сотқа беруді қолдап отыр.

Бұл істі Түркияның Сыртқы істер министрлігі жүргізеді деп мәлімдеді ел президенті Режеп Тайып Ердоған. Бұған дейін түрік көшбасшысы Анкарада Израильге «әскери қылмыскер» деген айып тағу бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ ел билігі шабуыл кезінде кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Анкарадан Мысырға Газадағы зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде 200 тоннадан астам азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберілді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Біздің міндетіміз – палестиналық бауырларымызды Израиль езгісінен құтқару. Бүкіл әлем алдында Газа секторына қарсы жасалған шабуылды тоқтату. Оларға қолдан келгенше қолдау көрсетеміз, көмегімізді аямаймыз.