Непалда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Непалда жойқын жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Зілзаладан 157 адам опат болып, тағы 200-ден аса тұрғын жарақат алған. Құтқарушылар үйінділер астында тірі қалғандар әлі де болуы мүмкін дейді.
Непалдың солтүстік-батысында 6,4 балдық жер сілкінісі өткен жұма күні болды. Зілзала ошағы осы елдің астанасы Катмандудан 500 шақырымдай жерде 18 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Зілзаладан кейін бірнеше дүмпу қайталанды. Жалпы Непал сейсмикалық аймақта орналасқандықтан жер сілкінісі жиі тіркеледі.
- Жер сілкінісі түнгі 12-ге таман халық ұйқыға кеткен кезде болып, көп адам қаза тапты. Дүмпу тоқтаған соң үйінділер астында көміліп қалған бірнеше адамды құтқарып алдым.
- Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қираған үйлер көп. Жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.