Израиль премьер-министрі: Біз оларды жеңгенше жалғастырамыз
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Анкараға келді.
Ол бүгін түрік әріптестерімен Газа секторындағы қақтығыс туралы келіссөздер жүргізеді. Ресми Вашингтон Таяу Шығыстағы қақтығыстың алдын алуға ниетті. Израильдің Газа секторына жасаған шабуылына наразылық білдірген елдерімен дипломатиялық қатынасты реттеу көзделіп отыр. Ал Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 240-тан астам кепілге алынған жанның бәрі қайтарылғанға дейін шабуылды тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Кепілге алынғандарды қайтармай, атысты тоқтатпаймыз. Біз мұны жауларымызға да, достарымызға да айтамыз. Біз оларды жеңгенше жалғастырамыз.