Сирек кездесетін гауһар тас аукционға қойылды

Женевада аукциондық сауда тарихындағы ең ерекше гауһар тас сатылымға шығарылды.

Алмұрт пішінді асыл тастың салмағы – 17,6 карат. Ал оның түсін зергерлер «қиял-ғажайып ашық көк» деп атады. Бұл – көгілдір және көк түсті гауһар тастардың 1%-ін ғана құрайтын түс градациясының ең жоғары сатысы. Болжам бойынша, ұсынылған гауһар 35 миллион долларға сатылуы мүмкін.

Айта кетерлігі, түрлі-түсті гауһар тастың ішінде көк түстестері ең сирек кездесетіні және құндысы саналады. Статистикаға сәйкес жер бетінде өндірілген 10 мың гауһардың тек біреуі көк реңкке ие екен.