Лампедуза аралы мигрантқа толды

Лампедуза аралы мигрантқа толды

Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралына өтпекші болған 530-дан астам мигрантты құтқарды.

Босқындар Италия жағалауына балық аулайтын қайықпен жеткен. Олардың арасында 5 әйел және 6 бала бар. Айтуларынша, әрқайсысы жолға төрт-жеті мың еуро төлеген. Италиядағы заңсыз көші-қон мәселесі күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Ішкі Істер Министрлігінің мәліметінше, биыл елге теңіз арқылы 107 мыңға жуық босқын келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.