Израиль Газа секторын екіге бөлді
Израиль әскері Газа секторын солтүстік және оңтүстік аймақтарға бөлді.
Бұл туралы Израиль армиясының өкілі Даниэль Хагари мәлімдеді. Сондай-ақ ол Газа секторының солтүстігінде және үлкен Газа қаласында шабуылды жалғастыратынын айтты. Ал оңтүстік бөлігін бейбіт тұрғындарды эвакуциялау үшін ашық қалдырады. ХАМАС тобы тарапынан да Израильге қарсы шабуыл жалғасып жатыр. Денсаулық Сақтау министрлігінің дерегінше, Газа секторында барлығы 9700 адам қаза тапқан. 1100 адам “Рафах” бекеті арқылы шекарадан өтіп үлгерген. Жексенбі күні кешке жасалған әуе шабуылдары Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың ең ауыр соққысы болды.