Сомалиде су тасқынынан 10 адам қаза тапты
113 мыңнан астам тұрғын үй-жайын тастап бас сауғалап кеткен.
Толассыз жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, су тасыды. Сомали билігі елде қауіптің жоғары деңгейін жариялады. Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Өткен жылы елде қатты құрғақшылық болып, 43 мың адам қайтыс болған еді. Бұл табиғи апатты мамандар жаһандық жылынуымен байланыстырады.