Непалда тағы жер сілкінісі болды

Непалда тағы жер сілкінісі болды

Қуаты - 5,3 балл.

Зілзала ошағы Дайлех қаласынан 47 шақырымдай жерде тіркелді. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқандар жоқ. Алайда көптеген тұрғын жарақат алған. Кеше болған жойқын зілзаладан кейін бірнеше жерде дүмпу қайталанды. Непал сейсмикалық аймақта орналасқандықтан жер сілкінісі жиі тіркеледі. 2015-ші жылы 2 жойқын зілзала кезінде 9 мың адам көз жұмған еді.