ЕО Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін көбейтеді
ЕуроОдақ Газа секторына гуманитарлық көмекті 25 млн еуроға көбейтеді.
Бұл туралы Брюссельде ЕуроОдақ комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Сондай-ақ ол, Израиль, Египетпен және Біріккен Ұлттар Ұйымымен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін дәліз құру жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Газа секторындағы құрбандар саны 10 мыңға жетті. Оның 4 мыңнан астамы бала. Ал Израиль тарапынан бір жарым мыңға жуық адам қаза тапты. Кеше Газа секторының Египетпен шекарасындағы "Рафах" бекеті қайта ашылды.