Германия көші-қон ережелерін қатаңдатты

Германия көші-қон ережелерін қатаңдатты

Енді елден пана сұрағандарға рұқсат берілмеген жағдайда, олар жаппай депортацияланады.

Бұдан бөлек мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқандарға қатысты да жаза күшейді. Билік осы шаралардың арқасында көші-қон дағдарысын шешпек. Өйткені кейінгі 7 жылда 1 млн 200 мыңға жуық адам елге заңсыз жолмен кірген. Қазір Германияға бет алған босқындар саны күн санап артып барады. Неміс халқының 44%-і заңсыз миграцияны саяси мәселе ретінде санап, бұған биліктің бей-жай қарамауын қалайды.