Ыстамбұлда Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсы құрылды
Оған еліміздің "QAZCONTENT", Түркияның Анадолы, Әзербайжанның AZERTAC, Қырғызстанның KABAR, Өзбекстан UZA агенттіктері мүше.
Тиісті құжатқа медиа компаниялардың басшылары қол қойды.
XXI ғасыр- ақпараттық қоғам дәуірі. Осы орайда, заманауи технологияларды тиімді пайдалану өзекті. Түркия Президенті жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Фахредтин Алтун Альянс құрудың маңыздылығына тоқталды.
Фахреттин Алтун, Түркия президенті әкімшілігі жанындағы коммуникация басқармасының басшысы:
- Бүгін осындағы бауырлас елдердің ақпарат агенттіктері бас қосуымен өткен саммит таяу болашақта осы салада не істеуге болатынын көрсететін бетбұрыс болады деп үміттенеміз. Түркі ақпарат агенттіктері одағының құрылуы «Түркі әлемі 2040 стратегиясына» үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бүгінде коммуникация, медиа және ақпарат салаларында қуатты болу- таңдау емес, міндет.
Ақжолтай жаңалық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіндегі- Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы өте зор. «Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ ұсынысымен тұспа- тұс келіп отыр», деді. Осы орайда, БАҚ саласының жүгі ауыр.
Бекзат Жүсіпов, «QAZCONTENT» мемлекеттік ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы:
- Түркі елдері ұйымының мерейтойлы 10- шы саммиті өтті. Сол жерде мемлекет басшылары, қазақстан президенті де ықпалдастықты күшейту жөнінде көп мәселелер айтылды. Бүгінгі мына альянс құрылып жатқан сол мемлекет басшылары бастаған айқын дәлелі деп есептеймін. Қолға алынып, іс жүзінде басталып жатқан шаруаның бір бөлігі.
Бұл жолғы Түркі мемлекеттерінің ақпараттық агенттіктерінің медиа-саммиті "БАҚ-тағы Бірлік және болашаққа деген көзқарас" тақырыбында өтті. Жиында, цифрлық құралдарды тиімді қолдану және фейктердің таралуына тосқауыл қою мәселелері қарастырылды. Сондай- ақ, агенттік басшылары бірлескен жобаларды жүзеге асыру және мекемелер арасында тәжірбие алмасуды қолға алмақ.