Газадағы ауруханалардың 60%-і жұмысын тоқтатты
Бұл туралы Палестина министрлігі мәлімдеді.
Тоқтаусыз шабуылдар аурухана жұмысына кедергі келтіріп тұр. Медициналық нысандарға жұмысын жалғастыруы үшін жанар-жағармай, электр қуаты және медициналық құрал-жабдықтар қажет. Палестиналықтар Қызыл Жарты Ай... және басқа да халықаралық ұйымдардан гуманитарлық көмек сұрады. Әсіресе Газа секторындағы ең ірі Әл-Кудс ауруханасы апатты жағдайда тұр. Осыған дейін Израиль әскері аурухана маңын бомбалаған болатын. Алайда бұған қатысты Израиль тарапы түсініктеме берген жоқ.