Израиль мен ХАМАС тобы арасындағы шабуылдарға үзіліс жасалады

Израиль тарапы күніне 4 сағаттан атыс-шабысты тоқтатуға келісті.

Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби мәлімдеді. Бұл бейбіт тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуі үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, үзіліс кезінде гуманитарлық көмекті кіргізуге де мүмкіндік бар.