Индонезияда сирек кездесетін сүтқоректі табылды

Окcфорд университетінің ғалымдары сирек кездесетін жануарды кездестіріп, бейнекамераға түсіріп алды.

Сүтқоректі экспедиция кезінде Индонезиядағы Циклоп тауынан табылды. Ғалымдардың сөзінше, жануар кірпі секілді тікенекті, тұмсығы қысқа. Ол көбінесе шұңқырларда мекен етеді. Жалпы бұл жануар түрін голландиялық ғалым 1961 жылы тіркеген. Айта кеткен жөн осыған ұқсайтын сүтқоректілердің тағы бір түрі жаңа Гвинея мен Австралияда мекендейді.