Гарвардпен ынтымақтастық артады
Қазақстан саясаттанушылары әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі Гарвард университетімен әріптестік байланыс орнатпақ.
Ынтымақтастық жайы саясаттану ғылымдарының докторы Санат Көшкімбаев пен Гарвардтың Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Наргиз Қасенованың кездесуінде талқыланды. Қазақстандық профессор Бостондағы Дэвис саяси орталығына қарасты бұл маңызды бағдарламаны бірнеше жылдан бері басқарып келеді. Азия өңіріне байланысты үлкен ғылыми әлеуеті бар орталықтың деректер қоры тың зерттеулермен тұрақты толығып отырады. Кездесуде жүйелі түрде бірлескен зерттеулер жүргізу, қазақ жастарын осы оқу орнына тәжірибе алмасуға жіберу жайы сөз болды. Қазіргі таңда Гарвард университетінде Қазақстанның төрт азаматы білім алып жатыр. Оларға грантты Европа елдері бөлген. Санат Көшкімбаев Болашақ бағдарламасы арқылы да жас зерттеушілердің келуіне мүмкіндік жасау керек дейді.
Санат Көшкімбаев, саясаттану ғылымдарының докторы:
- Осы университет пост кеңестік елдер туралы тереңдетіп зерттеу жасап жатыр. Грузия болсын, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай, басқада халықаралық қатынастыр бойынша. Сондақтан осында келіп тәжірибе алмасуға болады. Ғалымдарға, жас зерттеушілерге әсіресе.