Газа секторында 20 аурухана жабылды
Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылды.
Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле мәлімдеді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымынан қақтығысты тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауды сұрады. Себебі үздіксіз шабуылдар медицина орталықтарының қызметіне кедергі келтіріп тұр. Мекемелер жұмысын жалғастыруы үшін жанар-жағармай, электр қуаты және құрал-жабдықтар қажет.
Насер Мохаммад Кандиль, дәрігер:
- Аль-Шифа ауруханасындағы ахуал көңіл көншітпейді. Шабуылдар жағдайды ушықтырды. Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Аурухана жабылғанымен, дәрігерлер іште қалып, жағдайы ең ауыр деген науқастарды бақылап отыр.