АҚШ-та жол апатынан алты адам қаза тапты

АҚШ-тың Хьюстон қаласын 2 көлік соқтығысып, 6 адам ажал құшты.

Олардың 2-уі кейін ауруханада көз жұмған. Тағы 1 тұрғын ауыр халде жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, көліктердің біреуі бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, жол апатын тудырды. Мұнымен қоса жүргізуші жоғары жылдамдықпен қозғалған. Қазір құрбандардың жеке басы арнайы сараптама арқылы анықталып жатыр. Тергеу басталды.