ХАМАС Израильге шарт қойды

"Израиль Газадағы атысты 5 күнге тоқтатса, ХАМАС тұтқындағы 70 адамды босатады".

Бұл туралы палестиналық қозғалыстың әскери қанатының өкілі мәлімдеді. ХАМАС сондай-ақ Израиль түрмелеріне қамалған 200 бала мен 75 әйелді босатуды талап еткен. Бірақ әзірге Газа секторында атыс әлі жүріп жатыр. Израиль әскерилері тұтқындардың бір ауруханада біраз уақыт қамауда болғанын анықтады. Алайда ХАМАС мұны жоққа шығарып отыр.

Дэниэль Хагари, Израиль әскерінің контр-адмиралы:

"Біз бір аурухананың астынан ХАМАС-тың басқару бекетін тауып, қару-жарақ, компьютер және ақшаның үстінен шықтық. Сондай-ақ біздің қолымызда ХАМАС израильдік тұтқындарды осында ұстағаны туралы айғақтар бар. Қазір бұл орынды жан-жақты тексеріп жатырмыз".