Аргентинада әрбір төртінші тұрғын кедей тұрады
Аргентинада инфляция ырық берер емес.
Қазір оның деңгейі 140 процентке жуықтап қалды. Кейінгі 30 жылда мұндай жағдай болмаған. Сарапшылар Латын Америкасындағы осы елде қаржы-несие саясаты әлсіз дейді. Бұл инфляцияның шарықтауына себеп. Астықтың ірі экспорттаушысы саналатын мемлекетті қуаңшылық жайлады. Соның салдарынан қазір бес тұрғынның екеуі кедейшілікте өмір сүреді.
Марияс Тереза Ортис, зейнеткер:
"Зейнетақым түкке жетпейді. Сондықтан тігін шеберханасында жұмыс істеймін. Жаңа киім алатын ақшам жоқ. Сондықтан осындай базардан қажетті нәрсемді сатып аламын."