Италияның Тоскана аймағында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Италияның Тоскана аймағында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 6 адам опат болған. Тағы бір кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұдан басқа, аймақта 50 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Ең көп зардап шеккен аудандарға көмектесу үшін бюджеттен 5 миллион еуро бөлінген. Италия - Еуропадағы климаттың өзгеруі ең үлкен қауіп төндіріп тұрған елдің бірі. Мамыр айында Эмилия Романья аймағында су тасқынынан 14 адам көз жұмды.