Үндістанда туннельдегі 40 жұмысшыны құтқару жалғасуда
Үндістанда опырылған туннель астында қалған 40 жұмысшыны құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
Үйіндіні тазалау үшін экскаваторлар тартылды. Жұмысшыларды шығарып алу мақсатында ұзындығы шамамен 70 метр болатын болат құбыр салу жоспарланып отыр. Еске салайық, жексенбіде Уттара-кханд штатында салынып жатқан туннельдің 200 метрдей бөлігін лай батпақ пен тас басып қалған. Абырой болғанда, туннель астында қалған жұмысшылардың бәрі аман. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. 4 жарым шақырымға созылатын алып нысан аймақтағы туристік мекендерді байланыстыруға бағытталған ірі жоба болатын.