Газа секторына жанар-жағармай жеткізілді
Оны Рафах бекетінен өткізуге Израиль билігі рұқсат етті.
Бұл Египет, Израиль және АҚШ арасында жүргізілген келіссөздерден кейін мүмкін болып отыр. Себебі, Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бері отын тұрмақ, ауыз су жеткізу қиындады. Осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа тұрғындарына гуманитарлық көмекті жеткізе алмай жатқаны туралы мәлімдеген еді.