БҰҰ: Израиль Газаға шабуылды дереу тоқтатсын
Израиль Газа секторына шабуылды дереу тоқтатсын! Біріккен Ұлттар Ұйымы тағы да осындай талап қойды.
Бұл жолғы үндеуді жолдаған Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Мартин Гриффитстің айтуынша, анклавтағы жағдай адам төзгісіз. Гуманитарлық ахуал күннен күнге нашарлап барады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Израиль кепілге алынған азаматтарын босатып алу үшін Газа секторындағы атысты күніне 4 сағатқа уақытша тоқтатуға келісім берген еді.