Қытайда пандаларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталық ашылды

Қытайда үлкен пандаларды зерттеу мен қорғауға бағытталған ұлттық орталықтың негізі қаланды.

Ол елдің оңтүстік-шығысындағы Чэнду қаласында орналасқан. Бұл жер жануарды зерттеу бойынша әлемдік деңгейде тәжірибе алмасу алаңына айналады деп күтілуде. Осы мақсатта мақұлықтың популяциясын кеңейтіп, тіршілік ету ортасын қалыптастыруға негізделген ауқымды ғылыми жоба іске қосылды. Мұнан бөлек, екі жыл сайын сарапшылар жойылу алдында тұрған пандаларды сақтау бойынша халықаралық форум өткізуді жоспарлап отыр.