Израиль Газаға жанармай кіргізуге рұқсат берді

Газа секторына 48 сағат сайын жанармай кіргізуге рұқсат берілді.

Бірақ көлемі 140 мың литрден аспауға тиіс. Оның өзінде күніне 2 жүк көлігі ғана өте алады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Шұғыл шешім қабылдауға сектордағы су және кәріз жүйесінің істен шығуы себеп болған. Яғни, құбыр арқылы таза су келмей, тазалық талабы сақталмаса, Газада түрлі жұқпалы аурулар тарап, жергілікті тұрғындарға ғана емес, Израиль сарбаздарына да қауіп төнуі мүмкін, - дейді ресми Тель-Авив.